Қаржылық мониторинг агенттігіне жаңа басшы тағайындалды

Қаржылық мониторинг агенттігіне жаңа басшы тағайындалды
Фото: gov.kz

Қаржылық мониторинг агенттігіне жаңа басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында. 

Айта кетейік, Малахов Дмитрий Михайлович 1974 жылы 27 тамызда Көкшетау қаласында туған.

ҚР ІІМ Алматы Жоғары мектебін (1995 ж.), Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін (2005 ж.) бітірген.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан жоғары үлесі үшін мемлекеттік награда – ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, сондай-ақ мерекелік және ведомстволық наградалармен наградталды.

Еңбек өтілі: Ішкі істер, қаржы полциясы органдарында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және Экономикалық тергеу қызметінде; Ішкі істер министрлігінің өңірлік департаменті және орталық аппараты басшысының орынбасары, Қаржы полициясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары (07.2004-03.2019); Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті Жедел департаментінің басшысы (03.2019-09.2020); Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (09.2020-03.2022);

2022 жылғы наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бірінші орынбасары болды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина