Ақтөбеде ер адам тауып алған банк картасымен сауда жасаған

Ақтөбеде ер адам тауып алған банк картасымен сауда жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын полицияға банк картасын жоғалтқанын айтып арызданған. Жәбірленушінің сөзінше, ол картасы жоғалғанын телефон нөміріне ақша алынғаны туралы хабарламалар келе бастағанда ғана білген.

Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Тергеп-тексеру барысында ер адам банк картасын көшеден тауып алғаны, бірнеше сауда дүкенінен өзіне қажет заттарды сатып алғаны анықталды.

Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 160 мың теңгеден асты. Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті кінәсін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!