Қызға тосыннан шабуыл жасаған ер адам Семейде ұсталды

Астанада қызға шабуыл жасаған қарақшы Семейде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Абай облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 12 ақпанда Астанада болған еді. Белгісіз ер адам қызға шабуыл жасады. Болған оқиғадан кейін қаскүнем жасырынып қалған. Оған іздеу жарияланды.

"Келіп түскен бағдар бойынша Абай облысы ПД жеке құрамы бағдарланды. Сағат 6:00 шамасында полиция ротасының инспекторлары Семей қаласына кіреберісте салонында күдікті отырған Тойота көлігін тоқтатты", - деп жазылған хабарламада.

Ер адам ұсталды. Жақын арада елорда полициясына беріледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз