Ақтөбе облысында зират маңында әйел адасып, үсіп қала жаздаған

Ақтөбе облысында зират маңында әйел адасып, үсіп қала жаздаған
Фото: ТЖМ

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментіне 65 жастағы әйелдің ескі зират аумағында жоғалып, үсіп қала жаздағаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сағат 21:40-та Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112-ші бөліміне ескі зират аумағында 1959 жылы туған әйелдің жоғалып кеткені, оның үсіп қала жаздағаны туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 22:40-та Төтенше жағдайлар қызметінің жедел-құтқару қызметінің күштері, 4 адам, бір техника және бір кинолог Сальма есімді іздеу итінің көмегімен жоғалған адамда тапты", - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ, департамент өкілдері әйелдің медициналық көмектен бас тартқанын атап өтті. Ол туыстарына тапсырылды.

Еске салайық, бұған дейін Абай ауданында полицейлер әскерилер, құтқарушылар және еріктілермен бірге қарлы бораннан адасып кеткен 8 жастағы баланы іздеп тапқан еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек