"Ақбота Керімбекованың қамшылауымен бастадым". Танымал әнші жеке концертіне дайындық кезіндегі қызығын айтты

Әнші Лашын Мұратқызы "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында жақында өткізген концертіне дайындықты достары мен құрбысы Ақбота Керімбекованың қолқа салуымен бастағанын мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Лашые Мұратқызының өнер жолы бала кезінен бастау алған. 

"Мен бала кезімнен, 5 сыныптан бастап сахнаға шығып ән айтқам. 1996 жылы Қазақ қыздары педагогикалық университетінің музыка факультетіне оқуға түстім. Ол жерде Айгүл ансамбльіне әнші болдым. Оқуды бітіргеннен кейін тұрмысқа шығып, Қазақ радиосына жұмысқа орналастым. Мұнда жұмыс істеп келе жатқаныма былтыр 2023 жылы 20 жыл толды. Менің жұмысым музыкамен көркемдеуші болғандықтан, барлық алтын қордағы әндердің бәрін тыңдап, эфирге бере отырып, өзімнің де әнші екенімді ұмытпай, шетінен біраз ән жаздырып, қорымды біраз жинақтадым. 

Негізі мен басында домбырамен ән айтатын болып бастаған едім. Одан кейін жоғарғы оқу орнын оқып жүрген кезімде, классикалық вокалды да оқып алдым. Өзіме жеке ән жазып бастағаныма шашамен 15 жылдай болып қалды. Шындығында мен тіпті ән жинақ жаздыруға асықпай жүрген адам едім, бейнебаян түсіретін ақша қолыма түссе, оның орнына 2-3 ән жазыдарымын деген ой болатын менде. Бейнебаян түсірдім, бірақ сәтті шықпай, көңілімнен шықпады. Бейнебаяндар жарыққа шықпады. Жеке ән қорымда біршама ән жиналғандықтан, жан жағымдағы достарым жеке концерт бер, ән кешіңді өткіз деп ұсыныс тастай бастады. 

Сөйтіп жүргенде биыл құрбым Ақбота Керімбекованың қамшылауымен концертке дайындықты бастап кеттік. Ниет етсең, алла өзі келтіреді деген сеніммен бастап кеттім. Егер Ақбота құрбым мен жанымдағы достарым маған қолқа салмаса, мен тіпті жүре беретін едім", - деді әнші.

Тағы да оқи отырыңыздар: Концентрлі азот қышқылында енжарланатын металдарды табыңдар: A) мыс B) алтын C) сынап D) хром E) алюминий F) темір G) күміс H) мырыш

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!