"Батыс жақта". Экстрасенс бельгиялықтар асырап алған қазақ баласының анасы туралы айтты

"Батыс жақта". Экстрасенс бельгиялықтар асырап алған қазақ баласының анасы туралы айтты

Экстрасенс, медиум Әли Хайдар бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бельгиялықтар асырап алған, Арқалықта 2002 жылы дүниеге келген Эдди Жан Савельев былтыр желтоқсанда Қазақстанға келіп, анасын іздестіруді бастаған еді. Алайда әлі таба алмай жүр.

Журналист Абылайхан Өмірбай экстрасенске "Анасы қайда? Ол табыла ма?" деп сұрады.

"Сол адамның өзі болғанда жеке жұмыс істеуге болар еді. Мен жоғалғанды іздеп табатын адам емеспін, бірақ анасы бар. Анасы тірі, менің сезуімше, солай болып тұр", - деді ол.

Осы кезде журналист келесі сұрақты қойды: "Анасы тірі болса, неге байланысқа шықпай жатыр?"

Мүмкін ол білмейтін шығар? Мен ештеңе айта алмаймын, шын айтамын. "Батыстан қара" дейді. Бір туыс әйел, тәтесі ме – "батыс жақтан қара" дейді. "Батыс жаққа бар, батыс жақта тәтесі бар ғой" дейді", - деді экстрасенс.

Еске салайық, бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздеп жүргенін көптен бері жазып жүрміщ. Оған дүниеге келгенде "Жәнібек" деген есім берілген екен.

Ал бүгін ол Желідегі парақшасында қазақ әйелдеріне өтініш жасады.

"Мен туған жеріме Қазақстанға барғаннан кейін жергілікті медиада шетелге бала сату мәселесі жиі талқылана бастады. Бірақ, мен шынымен ауысып кеткен сияқтымын. Маған бұл ойды қабылдаудың өзі қиын. Өйткені мені емес, басқа баланы асырап алуы керек еді. Мен жақында биологиялық анамды табамын деп үміттенемін. Арқалық полиция басқармасы перзентхана мен балалар үйінде қылмыстық іс бойынша жұмыс істеп жатыр. Менімен жасты ұлы бар әйелдің бәрі ДНҚ тапсырса деген өтінішім бар. Маған қолдау көрсеткендіріңіз үшін рақмет, жаңалық болса, айтып отырамын", - дейді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан