"Қуанышқа ұлассын". Асылхан Төлепов жақсы жаңалығын бөлісті

Танымал актер Асылхан Төлепов отбасылық өміріндегі қуаныштығы жаңалығын бөлісті. Оның жары дүниеге қыз әкелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл туралы Желідегі парақшасында айтты.

"Кесте тігер ханшайымымыз дүниеге келді.
Аллаға шүкір! Қуаныш қуанышқа ұлассын!
Жұғысты болсын", - деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін актер Асылхан Төлепов шетінеп кеткен ұлына жантебірентерлік жазба арнағаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза 2024. Кімге ораза ұстамауға болады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!