Антикор Астанадағы Жасыл технологиялар орталығы басшысының ұсталғанын растады

Антикор Астанадағы Жасыл технологиялар орталығы басшысының ұсталғанын растады

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басшысы қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады. 

"Астана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" басқарма төрағасын ұстады. Соттың санкциясымен оған қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Антикор баспасөз қызметі Tengrinews.kz редациясына.

Айта кетейік, "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, компанияның басқарма төрағасы - 39 жастағы Олжас Ағабеков.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының директорлар кеңесінің құрамына экология вице-министрі Мансұр Ошурбаев та кіргені белгілі. 5 ақпанда Антикор қызметкерлері Ошурбаевтың кеңсесінен құжаттарды тәркіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан