Қарағанды ​​облысындағы тұрғын үйдегі жарылыс: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Қарағанды ​​облысындағы тұрғын үйдегі жарылыс: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды
Фото: Tengrinews.kz

Қарағанды ​​облысында тұрғын үйдегі жарылыстан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін газ баллоны жарылысынан зардап шеккендердің арасында Өзбекстан азаматының бар екені хабарланған еді. Ер адам денесінің 80 пайызы күйіп қалған.

"Науқастың термиялық күйік аймағы үлкен болды, денесінің 80 пайыздан астамы және оның 60 пайызы қатты зақымданған. Сондай-ақ, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, қатты күйік шокы, көптеген органның жеткіліксіздігі байқалды. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Соған қарамастан, қайтыс болды", - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жарылыс салдарынан зардап шеккен тағы екі науқастың емдеу мекемесін шығарылғаны белгілі болды.

Еске салайық, 30 қаңтарда Бұқар жырау ауданы, Ботақара ауылында екі қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде газ баллоны жарылған еді. Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам үйінді астынан шығарылды. Олардың үшеуінің жағдайы ауыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан