"Көліктері балшыққа батып кеткен". Маңғыстау облысында екі адам жоғалып кеткен

Маңғыстау облысында үш күн бойы байланыссыз кеткендер табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

12 ақпанда сағат 11.00-де Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Шағырлы-Шөмішті деген жерде ТЖД, ПД және жергілікті атқарушы органдардың іздестіру-құтқару тобы 9 ақпанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы арқылы Қызылорда облысы бағытында Бейнеу кентінен екі автокөлікпен шыққан 2 адамды іздестірді. Туыстарының айтуынша, жоғалған адамдар 9 ақпаннан бастап байланысқа шықпаған.

Бүгін, сағат 13:20-да жоғалған адамдар байланысқа шықты. Олардың айтуынша, көліктері балшыққа батып, жақын маңдағы бекетке өз бетінше жеткен. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!