Тоқаевтың 13-14 ақпан күндеріне жоспары айтылды

Тоқаевтың 13-14 ақпан күндеріне жоспары айтылды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 ақпан күндері Қатарға мемлекеттік сапармен барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар барысында Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина