"Жақында төртіншісі дүниеге келеді". Танымал әнші алғаш рет отбасы туралы айтты

"Жақында төртіншісі дүниеге келеді". Танымал әнші алғаш рет отбасы туралы айтты
Фото: "Қызықты Weekend"

Әнші, "Қоңыр" тобының мүшесі Бауыржан Асанбаев "Қызықты Weekend" бағдарламасына берген сұхбатында алғаш рет отбасы туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші 3 баланың әкесі, жақында тағы бір сәби дүниеге келеді.

"Үш баланың әкесімін. Үлкен қызым, тұла бойы тұңғышым Гүлсезім 2012 жылы туған, қазір жасы 12-де. Ортаншым ұлым Нұрасыл, биыл жасы 9 толады, аралары үш жас. Кішкентайын әдетте өзімнің сұлуым деп айтамын, жеке қызым Асылым, жасы 6 толады, биыл бұйыртса мектепке 1 сыныпқа барады. Алла бұйыртса 4 перзент дүниеге келеді", - деді әнші.

Сонымен қатар, әнші бала кезінде қандай болғанына тоқталды.

"Бала кезімнен көп сөйлемеймін, салмақтымын, үлкен қызым да өзіме тартқан. Бала кезімде бұзық болдым деп те айта алмаймын, өйткені артық қимыл жасауға апайлардан ұялатынмын. Сондықтан тәрбиелеп өсірген апайларыма алғысым шексіз. Негізі әкем де тұйық кісі. Ол кісіге сұрақ қойсаң, жауабын зорға аузынан жұлып аламыз. Ал анам өмір бойы бізді қарап, бағу үшін үйде отырды, жұмыс істеген жоқ. Әкеміз сыртқа жұмысқа кететін, комбайн айдайтын еді. Солай ауылда өстік, қарапайым отбасыдан шықтық. Балалық шағым тәуелсіздік жылдарымен тұспа-тұс келді, ол кезде заман қиын еді ғой, сондықтан бұзық болуға уақытымыз да болмады, мақта егіп, оны теретінбіз", - дейді ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Адамның шығу тегі туралы алғашқы көзқарастар

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә