Аягөз ауданында жоғалып кеткен 8 жастағы бала табылды

Абай облысында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен 8 жастағы бала табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, бала Аягөз қаласының шегінен табылған. ТЖД бөлімшелері тұрақты орналасу орындарына қайтады.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында 8 жастағы бала мал іздеуге шығып, жоғалып кеткені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Периодтық жүйеде период бойынша солдан оңға қарай, топ бойынша жоғарыдан төмен қарай химиялық элементтердің электр терістіктері қалай өзгереді?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!