Алматыда күніне қанша көлік, такси және автобус жүреді?

Алматыда күніне қанша көлік, такси және автобус жүреді?
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Sergek Group компаниясы Алматыдағы қалалық көлік жүйесінің аналитикасын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, Алматыда күн сайын орта есеппен шамамен 647 мың көлік жүрді.

"Таксилер барлық орташа тәуліктік көлік саның 4 пайызын құрайды, бұл - 29 мың автокөлік. 2,4 мыңға жуық автобус шамамен 578 мың шақырым болатын маршрутты жүріп өтеді. Орташа алғанда, автобустар күніне 200 шақырымнан сәл астам жол жүрсе, жеке көліктер шамамен 31,5 шақырым жол жүреді", - делінген мәліметте.

Қалаға келуші көліктердің орташа тәуліктік жүгірісі - 4,8 миллион шақырым. Бұл Алматы мен қала маңындағы елді мекендер арасындағы қозғалыс белсенділігін көрсетеді. 2023 жылы Алматыдағы барлық көліктердің орташа тәуліктік жүрісі 20,5 миллион шақырым болған.

  Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан