Пәтер иесі пәтерді жалға алушыларды тіркеуге міндетті ме?

Пәтер иесі пәтерді жалға алушыларды тіркеуге міндетті ме?
Фото: pixabay.com

Пәтерді жалға беру – бизнестің кең тараған түрі. Пәтерді жалға алған кезде оған тіркелу міндетті ме? Пәтер иесі тіркелуге рұқсат бермесе, не істеу керек? Бұл сұрақтарға заңгер Надежда Гельдт жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, ҚР "Халықтың көші-қоны туралы" заңы бойынша ішкі көшіп-қонушылар - Қазақстан Республикасының ішінде қоныс орнын тұрақты немесе уақытша, сондай-ақ маусымдық ауыстырған жеке адамдар. Мысалы, азамат Астанадан Алматыға уақытша көшіп келсе немесе жұмыс істеуге келсе, ол ішкі көшіп-қонушы болып саналады.

"Бұл Заңның 51-бабына сәйкес ішкі көшіп-қонушылар ішкі істер органдары айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуге міндетті", - дейді Надежда Гельдт.

Пәтер иесі физикалық тұлғаны тіркеусіз тұрғызса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Бұл жағдайда пәтер иесі мынадай сомада айыппұл төлеуге міндетті:

  • Физикалық тұлға – 10 МРП (36 920 теңге);
  • Кәсіпкерлік субъектілері – бизнес субъектісінің түріне қарай 15 МРП-ден 50 МРП-ге дейін (55 380 теңгеден 198 100 теңгеге дейін).

Оқи отырыңыз: Пәтер иесінің бағаны көтеріп жіберуге, депозит сұрауға құқығы бар ма? Риелторлар маңызды кеңестер берді

А. Жапатова