Гастроэнтеролог іштегі майдың денсаулыққа қаупі жайлы айтты

Майдың көбірек іш тұсына жиналуы (абдоминальды семіздік) аурулардың алты тобын көрсетуі мүмкін. Бұл жайлы гастроэнтеролог Яна Картаева "Gazeta.ru"-ге айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, мұндай семіздік іш қуысы органдарының айналасына май (висцералды) жиналып жатырғанын білдіреді. Бұл май жүрек-қан тамырлар және онкологиялық аурулар, қант диабеті, асқазан-ішек жолы, сүйек-буын және репродуктивті жүйе ауруларының жоғары даму қаупімен байланысты болуы мүмкін.

Дәрігер өзіңізден абдоминальды семіздікті анықтау үшін дененің артық салмағын дене массасының индексі (ДМИ) арқылы есептеу қажет екенін айтты. Ол үшін дене массасын бойыңызға бөлесіз.

"ДМИ көрсеткіші маңызды, бірақ абсолютті емес. Бұл көрсетікіш өсіп келе жатырған балалар, 65 жастан асқан адамдар, спортшылар мен бұлшықеті қатты дамыған тұлғалар, жүкті әйелдер үшін қарастырылмайды" – дейді Картаева.

Дәрігердің айтуынша, абдоминальды семіздік кезінде бел, жамбас көлемін өлшеу керек, себебі май басқа дене бөліктерінде болмай, тек іште болуы мүмкін. Ал ол ДМИ көрсеткішін бұрмалайды.

Әйелдер үшін бел көлемінің нормасы – 80 см-ден аз, ал ерелер үшін 94 см-ден аз болуы керек. Жамбасты өлшеп, бел мен жамбас қатынасын есептеңіз: әйелдер үшін 0,85-тен, ерлер үшін 1,0-ден төмен көрсеткіш қалыпты болып саналады.

Оқи отырыңыз: Тез арықтау үшін тоңазытқышта болуы керек 5 өнім