ШҚО-да қос азаматтығы бар ерлі-зайыпты анықталды

ШҚО-да қос азаматтығы бар ерлі-зайыпты анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Глубокое ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан азаматтығы туралы заңнаманы бұзған ерлі-зайыптыларды анықтады.

Тәртіп сақшылары отбасының 2022 жылдың тамыз айында Ресей азаматтығын алып, Ішкі істер органдарына немесе Қазақстанның шетелдік мекемелеріне хабарламағанын анықтаған.

Полицейлер ресейліктерден ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспортын тәркілеп, сонымен қатар, Қазақстан азаматтығынан айырылғанын тіркеді.

Ерлі-зайыптыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау" бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Глубокое аудандық сотының қаулысымен заң бұзушылар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығару түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!