Егде жастағы ата-аналар мен қарияларды алаяқтардан қалай сақтап қалуға болады?

Егде жастағы ата-аналар мен қарияларды алаяқтардан қалай сақтап қалуға болады?
Фото: Tengrinews.kz

Егде жастағы ата-аналар мен қарияларды алаяқтардан қалай сақтап қалуға болады? Бұл сұраққа Жетісу облысының полицейлері жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Соңғы уақытта, қарт адамдардың көбісі сенгіш және осал болғандықтан интернет-алаяқтардың құрбандарына айналып жатыр. Алайда, алаяқтардан сақтану үшін бірнеше тәсіл бар. Ең тиімді шешімдердің бірі - несие алудан ерікті түрде бас тарту.

Бұны жасау өте оңай. Ол үшін ұялы телефоныңызға "Egov mobile" қосымшасын жүктеп алып, жүйеге кіріп, тіркелу қажет. "Қызметтер" батырмасын басып, іздеу жолағында "Бас тарту" сөзін жазу керек. Содан кейін "Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту" функциясын таңдайсыз.

Дәл осылай егде жастағы ата-аналарыңызды алаяқтардан сайқтай аласыздар. Оларға да "Egov mobile" қосымшасынан жеке кабинет ашып, жоғарыда айтылған инструкция бойынша жасау қажет. Осылайша, олар алаяқтардың айласына түсіп қалса да, зиянкестер несие ала алмайды. Сонымен бірге, қария туыстарыңыға жеке деректерін ешкімге ешбір жағдайда бөліспеу керектігін күн сайын еске салуды ұмытпауларыңызды сұраймыз.

Естеріңізде болсын, алданып қалған қарттардың көз жасы алаяқтардың жүрегін жібітпейді. Сіздің және жақындарыңыздың қаражатының қауіпсіздігі - сіздің сақтығыңыз бен қырағылығыңызға байланысты екенін ұмытпаңыз!

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина