Қарағанды облысында ТЖД қызметкерлері белгісіз бағытта адасып кеткен әйел адам мен баланы құтқарды

Қарағанды облысында ТЖД қызметкерлері белгісіз бағытқа шығып, адасып кеткен әйел адам мен баланы құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 8 ақпанда болған. 

Қарағанды облысы ТЖД Ақтоғай ауданы ТЖб аға анықтаушысы Азат Бегімбетов, 18-ӨСБ бөлімше командирі Кінәр Серікбол және жүргізушілер Жеңіс Болатов пен Нұрхат Нүсіпов қарағандылықтарды құтқарып алған.

8 ақпанда іздестіру-құтқару жұмыстары барысында Айыртас ауылынан батысқа қарай 6 шақырым жерден 7 ақпанда белгісіз бағытқа шығып кеткен әйел адам мен баланы тауып құтқарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!