Дәрігер қатерлі ісікті бастапқы кезде анықтау әдісін айтты

Онколог, онкохирург, химиотерапевт, медицина ғылымдарының кандидаты Антон Ивановтың айтуынша, қатерлі ісікті бастапқы кезеңде анықтауға болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.ru" басылымына сілтеме жасап.

Ивановтың сөзінше, жалпы қан анализіне сүйене отырып, қатерлі ісіктердің дамуына жауап беретін лейкоциттер мен лимфоциттер және басқаларының қалыпты, төмендетілген немесе жоғарылаған деңгейлерін анықтауға болады. Дәрігердің пікірінше, мұндай талдау қабыну реакциялары бар-жоғын анықтайды, ал бұл қатерлі ісікте жиі кездеседі. Онколог биохимиялық қан анализін тапсыруды ұсынды.

"Бауыр, ұйқы безі немесе бүйрек сияқты әртүрлі органдардың жұмысындағы ауытқулардан биохимиялық маркерлер жоғарылауы мүмкін. Осылайша, қандай органда патология болуы мүмкін екенін анықтай аламыз", - деп түсіндірді Иванов.

Келесі қадам толық зерттеу: ісіктің болуы мен сипатын көрсете алатын генетикалық маркерлерді немесе қатерлі ісік маркерлерінің мутацияларын зерттеу. Иванов ісік маркерлері рак клеткалары шығаратын биологиялық заттар екенін түсіндірді. Егер олардың деңгейі жоғарыласа, маман науқысқа диагностиканың басқа әдістерін, соның ішінде компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияны, радионуклидтік технологияларды қолдана отырып сканерлеуді ұсынады.

Сондай-ақ, науқасқа иммунограмма тағайындалуы мүмкін, бұл белгілі бір лимфоциттердің таралуын көруге мүмкіндік береді. Ал олардың жоғарылауы дамып келе жатқан ауруды көрсетуі мүмкін.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз