"Бөбектің жанынан елемей өте шықты". Меруерт Түсіпбаева Бейбіт Қорғанға қатысты оқиғаға пікір білдірді

Атыраулық әйел Нұргүл Зиханова танымал әнші Бейбіт Қорғаннан бала туғанын айтқан болатын. Кейін әнші ДНҚ сынамасын тапсырған. Бұл жайт "Астарлы ақиқат" бағдарламасында көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ал Бейбіт Қорғанның өнердегі әріптесі Мерует Түсіпбаева осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Басында келіскенімен, 5 жылдай уақыт өтіп, артынан түсініспеген әйел мен еркектің жағдайы да белгілі… Ал бейкүнә сәбиді ойлаған жан бар ма?! Ол ер бала ертең есейеді ғой, мына дау-даумайды ютубтан қарап, намыстанып, қандай сезімде болады екен… Біреуің баланың болашағын ойладыңдар ма?! Оның бетін ретуштамай, бажырайтын көрсетуге құқылы ма, ересектер?! Этика қайда?! Ертең-ақ ержетеді бұл ботақан, өз отбасын құрады, Құдай қаласа… Сол кезде осы шу оның алдағы өміріне әсер етуі әбден мүмкін емес пе?! Ересектер неге сонша қатал болдық екен?! Бейбіт бөбектің жанынан елемей өте шыққанда жүрегім дір етті… Қанша ашулы болса да (оның баласы болмаса да) бір кінәсіз, күнәсіз сәби ғой… Өзі аурушаң екен… Әкесіз өсіп жатыр екен… "Маған арман" деп соның әнін айтып, жүгіріп жүрген қазақтың бір баласы ғой. Эххх… шіркін-ай, сол жерде баланы көтеріп алса ғой деген ой келді маған. Бірақ… Еркектер басқаша ойлайды-ау шамасы. ...Аман бол, құлыншақ! Адамдардың қатыгездігін кешіре ғой… Аса мейірімді Аллах жар болсын саған..." - деп жазды әнші.

Еске салайық, бұған дейін Жеңіс Ысқақова Бейбіт Қорғанға араша түсіп еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз