Түркістан облысында қарт әйел балконда есінен танып құлаған

Түркістан облысы Ордабасы ауданының полициясына түнгі уақытта 102 пультіне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, көрші тұратын әжейдің есінен танып, үйінің балконында жатқанын айтып хабарласқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар барды. Олар пәтер иесінің балконына өрмелеп шығып, жедел жәрдемді шақырып, ол келгенге дейін қарияға алғашқы көмек көрсетті.

Сондай-ақ оның 32 жастағы қызы қарт әйелмен бірге тұратыны анықталды. Оқиға болған күні ол үйде болмаған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!