Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты қандай жолдар жабық тұр?

Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты қандай жолдар жабық тұр?
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның тоғыз облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 ақпан сағат 18.00-дағы ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты тоғыз облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді:

  • Абай облысында – 3 учаске;
  • Ақмола облысында – 1 учаске,
  • Ақтөбе облысында – 4 учаске;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 5 учаске;
  • Қарағанды облысында – 1 учаске;
  • Қостанай облысында – 3 учаске;
  • Қызылорда облысында – 1 учаске;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске;
  • Ұлытау облысында  – 1 учаске.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 816 бірлік техника  және 1605 жолшы жұмылдырылды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан