Алматыдағы лай көшкіні қайталануы мүмкін бе? Министр жауап берді

Алматыдағы лай көшкіні қайталануы мүмкін бе? Министр жауап берді
Фото: Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы лай көшкінінің қайталану қаупіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында журналист министрге "Алматыдағы лай көшкіні болған шағын ауданда қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Лай көшкіні қаупі бар ма?" деп сұрақ қойды.

Шыңғыс Әрінов шағын ауданда әкімдік жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

"Кеше болған оқиның мән-жайын толық айта алмаймын. Әкімдік тарапынан авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына лай көшкінінің қаупі жоқ. Алдын ала деректер бойынша апатқа құбырдың жарылуы себеп болған. Тиісті сараптама жүргізілгесін комиссия қорытынды шығарады. Біз апатқа құбырдың жарылуы себеп болды деп ойлаймыз", - деді министр.

Еске салайық, кеше түнгі сағат 2-20-да Медеу ауданында лай көшкіні болып, салдарынан үйлерге зақым келген еді. Қайғылы оқиға салдарынан 4 адам қаза тапқан.

Аяз Есен

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан