Қолдың әлсіз болуы қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін

Қолдың әлсіз болуы қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
Фото: elements.envato.com

Қартайған сайын қол алысқан кезде оның әлсіз болуы қауіпті аурудың дамып жатқанын білдіруі мүмкін. Бұл туралы терапевт Сара Джарвис ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "The Sun-ға" сілтеме жасап.

Терапевттің айтуынша, жалпы бұлшықеттің әлсіздігі жүрек ауруын белгісі мүмкін. Лондондағы королева Мэри университеті ғалымдарының зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қолы әлсіз адамдардың жүрегі зақымдалғаны анықталған.  

Сонымен қатар, терапевт қолдың әлсіз, күші жоқ болуы болашақта деменцияның даму қаупін көрсетуі мүмкін екенін жеткізді. Бұл Калифорния университетінің ғалымдары 190 мың орта жастағы адамдар арасында жүргізген зерттеуінде дәлелденген. Зерттеу нәтижесі бойынша, жас кезінде қолы әлсіз адамдарда қартайған кезде деменция секілді когнитивті мәселе көп болады.

"Сонымен қатар, қолы әлсіз егде жастағы адамдарда құлап немесе остеопороз салдарынан сүйектердің сыну қаупі жоғары", - деді Сара Джарвис.

Айта кетейік, бұған дейін амандасқанда қолды қатты қысатын адамдардың артықшылығы қандай болатыны хабарланған болатын.

"Мидың денсаулығы мен бұлшық ет күшінің арасында байланыс бары анық байқалады. Ендігі бұлшық еттерді дамытатын әрекеттер, мысалы зілтемір көтеру арқылы миды дамыту мүмкіндігі бар-жоғын анықтауымыз қажет", – дейді зерттеушілер.

Сонымен қатар зерттеушілердің пікірінше, қол қысқанда әлсіздік танытатын адамдар миындағы ақ заттың тығыздығы төмен болады екен. Осылайша, қолды қысу күші арқылы ересек және егде жастағы адамдардың ақыл-ой қабілетіндегі өзгерістерді аңғаруға болады.

Тағы да оқи отырыңыздар: Баланы қырқынан шығарғанда қандай тілектер айтуға болады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә