Таразда бюджет қаржысын жымқырған шенеуніктер сотталды

Таразда бюджет қаржысын жымқырған шенеуніктер сотталды
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Таразда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы және ЖШС директорының орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы З. Тұрсынұлы және "АлматыМонтажСтрой" ЖШС директорының орынбасары Е. Шлеев қала көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 34,2 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.

Осы факті бойынша Тараз қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (жымқыру) бойынша қылмыстық іс тіркеп, тергеп-тексеру облыстық прокуратурамен жүргізілді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Тараз қалалық №2 сотының 05.02.2024 жылғы үкімімен З.Тұрсынұлы мен Е.Шлеев Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина