"Мен қандаймын?". Жақында ана атанған Фариза Төреәлі қазіргі күйі жайлы айтты

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі инстаграм парақшасында бала тәрбиесі жайлы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Дара қызымызға 3 ай.

Ата-ана атанғанымызға, шын бақытты сезінгенімізге, Алладан сый алғанымызға, жүрекке өзгерек махаббат орнағанына, өмірге әсем түстер еніп, ең басты рөлде жүргенімізге бүгін міне 3 ай болыпты Алла қалауымен. Шүкір.

Ата-ана болуда — ересек позициясына өту ең маңызды этаптардың бірі дер едім. Себебі өзің бала рөлінде болып балаңа тәрбие беру деген миға қонымсыз нәрсе… Өз-өзіңді эмоционалды түрде ұстау, өзіңді игере алу, өзіңе терең үңілу арқылы баламызды да игере алмақпыз. Абай атамыз бес нәрседен қашық бол демекші, бойдағы жаманның бәрінен күн сайын арылып, нәпсімізбен алыссақ, бес жақсыға талпынсақ - осының өзі тәрбие.

Баланы тәрбиесінен бұрын "мен қандаймын?" дегенді ойлану керек секілді. Ол бәрібір сенен көргенін жасайды, сенен естігенін айтады. Себебі сәби үшін өмірінің мәні де, ең басты адамдар да ол оның ата-анасы. Міне, өмірге шабыт артып, саналырақ күйге еніп, өзімді тануым бұрынғыдан артқанына үш ай. Сондай үлкен жауапкершілік", - деп жазды Фариза Төреәлі.