Әнші Алтынай Жорабаева бесінші қызының суретін жариялады

Әнші Алтынай Жорабаева бесінші қызының суретін жариялады
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Жақында бесінші қызын дүниеге әкелген Алтынай Жорабаева желіде сәбиінің суретін жариялап, оған жеке парақша ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін Амина Алишерқызы 1 айға толды. Амина қызымыздың парақшасын аштық", - деп жазды Алтынай Жорабаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

Еске салайық, әнші бесінші қызына Амина деген есімді таңдаған болатын.

"Амина Алишерқызы. Қош келдің, ботам. Бес қызым - бес бармағым. Барлық мақтау мен мадақтар, тек бір Аллаға ғана тән. Қымбатты тілекшілерім, сіздердің "аман-есен жаның қалсын" деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып, сәбиді дүниеге әкелу - үлкен жеңіс", - деп жазды өнер иесі.

А. Жапатова