"Күніне үш рет келеді". Әли Оқапов анасынан бөлек тұратынын айтты

"Күніне үш рет келеді". Әли Оқапов анасынан бөлек тұратынын айтты
Фото: instagram.com/rozarymbaeva

Әнші Әли Оқапов неге анасы Роза Рымбаевадан бөлек тұратынын түсіндірді. Бұл ұлының шешім екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлидің сөзінше, анасы немересін көруге күн сайын кем дегенде үш рет келеді.

"Біз көршіміз. Бірге емес, бір тұрғын үй кешенінде, келесі кіреберісте ғой. Сондықтан әжесі міндетті түрде таңертең бір келеді, содан кейін түсте бір келеді, кешкісін суға түсіреді. Өсіп кеткен соң ол бала әжесінде тұра беретін сияқты. Өйткені екеуінің байланысы ерекше", - деді ол НТК телеарнасындағы Revunews бағдарламасына берген сұхбатында.

Әнші наурызда шетелге саяхаттағалы отырғанын айтты. Ол өз отбасын ғана емес, әйелінің жақындарын да қыдыртатынын айтты.

"Маған ұнайтыны екеуіміз ғана емес, бүкіл отбасымызбен барамыз. Міндетті түрде Еркенің (Ақерке - ред.) де жанұясы бізбен бірге кезде барады. Менің анамды да шығарып тұрамыз. Мама екеуіміз бір-бірімізді алдаймыз. Мен оған "Мен сен үшін бара жатырмын, маған демалыс керек емес" деп айтамын, "Маған да керек емес, мен де сен үшін бара жатырмын" дейміз, бірақ екеуіміз барсақ, екеуіміз де бақыттымыз", - деді Әли.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан