"Өзі өзіне шектеу жасап жатыр". Әли Оқапов әйелінің неге сахнадан көрінбей кеткенін түсіндірді

"Өзі өзіне шектеу жасап жатыр". Әли Оқапов әйелінің неге сахнадан көрінбей кеткенін түсіндірді
Фото: instagram.com/akerkeburkitbay

Әнші Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың отау құрғанына 4 жыл толды. Жұлдызды жұптың тұңғышы - Зейін жуырда бір жасқа толады. Әнші НТК телеарнасындағы Revunews бағдарламасына берген сұхбатында әйелінің жұмысына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әзірше Ақерке кішігірім декретте жүр, яғни басқа қалаларға бармайды. Мен емес оны жібермейтін, ол өзі өзін жібермейді. Бала кіп-кішкентай", - деді Әли Оқапов.

Әншінің жұбайы 2013 жылдан бері "Асыл" тобында өнер көрсетеді. Әли әйелі Ақеркеге "барынша еркіндік беремін" деп отыр.

"Мен ол жағынан шектеу жасап жатқан жоқ. Ол өзі өзіне шектеу жасап жатыр. Әрине, түсінемін, кез келген қалауын тыңдаймын. Өйткені өзім де жолда өскен бала болған соң ешқандай да жаман нәрсені көріп тұрған жоқпын. Ата-анаға байланысты ғой. Егер балаға қараймын десе, далада да қарай береді. Қарамаймын десе, үйдің өзінде де қарамай кетеді", - деді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан