Шымкенттегі өрт кезінде жүкті әйел мен бала зардап шекті

8 ақпан күні сағат 15:09-да Шымкенттегі Оңтүстік шағын ауданындағы тұрғын үйден өрт шықты. Өрт салдарынан жүкті әйел мен бала күйіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 15:27-де ауыздықталып, 15:58-де толығымен сөндірілді.

Арқасын, бетін, қолын күйік шалған 2005 жылғы жүкті әйел ауруханаға түсті. 2023 жылы туған баланың қолы, беті және иығы күйіп қалған.

Оларға ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Зардап шеккендер амбулаториялық емдеуге жіберілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз