Қазақстанның 11 облысында жол жабылды

Қазақстанның 11 облысында жол жабылды
Фото: polisia.kz

Қазақстанның 11 облысында қолайсыз ауа райына байланысты жол жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

8 ақпан сағат 20.00-дегі ахуалға сәйкес, 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 66 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді:

  • Ақмола облысында – 18 учаске;
  • Ақтөбе облысында – 11 учаске;
  • Алматы облысында – 1 учаске;
  • Жетісу облысында – 1 учаске;
  • Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске;
  • Қарағанды облысында – 9 учаске;
  • Қостанай облысында – 9 учаске;
  • Қызылорда облысында – 1 учаске;
  • Павлодар облысында - 6 учаске;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 6 учаске;
  • Ұлытау облысында – 3 учаске.

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 607 бірлік техника және 1122 жолшы жұмылдырылды.

Шектеу енгізілген учаскелер туралы ақпаратты мына сілтемеден білуге болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан