Павлодар облысында ауру жануардың сүтін ішкен бала бруцеллезге шалдықты

Павлодар облысында ауру жануардың сүтін ішкен бала бруцеллезге шалдықты. Тексеру барысында ветеринариялық пункттердің бірінде 450 бас жануарға сібір жарасына және құтыруға қарсы вакцинация жасалмағаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы қанағаттанарлық, тексерілген және клиникалық  белгілері анықталмаған. 

Аталған жайтқа қатысты  облыстық прокуратурада түсінік берді. 

"Ветеринарлық қызмет өкілдері малдардан жылына екі мәрте екпе арқылы қан алуы керек болған. Ал олар жылына тек бір рет екпе алған. Айта кетерлігі, кішкентай бала – ауру малдар анықталған үйдің баласы", - дейді облыстық прокуратураның аға прокуроры Жандос Сағатбеков.  

Оның айтуынша, аталған оқиғаға кінәлілер жазаланады. Нақтырақ айтқанда, ветеринарлық қызметіне айыппұл салынады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!