Әнші Нұржан Керменбаев әйелімен қазіргі қарым-қатынасы жайлы айтты

Елге "қапқарашка" атымен танылған әнші Нұржан Керменбаев "Ұрпақ" подкасында әйелімен қарым-қатынасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Әнші әйелімен үш рет кездескеннен кейін үйленген. Әнші романтика үйленгеннен соң басталды дейді.

"Аллаға шүкір, махаббатымыз күннен күнге артып жатыр десем қателеспеймін. Әрине, нақты кезеңдерден өтіп жатырмыз. Бізде екі жыл сайын бала дүниеге келіп жатыр. Сол себепті де ұстап тұрған дүниелер бар. Кейде ол менімен бірге шетелге шығамын дейді немесе Умраға қажылыққа барамын дейді. Бірақ бара алмай қалатын кездер болады. Бірге шыққысы, бірге жүргісі келеді. Кейде сол дүниелерді жасай алмай қаламыз. Бірақ жалпы романтикамыз үйленгеннен кейін басталды. Расында да мен әйелімді бара-бара жаңа қырынан, жаңа тұсынан танып жатырмын. Бір-бірімізді әлі де танудамыз. Солай жалғасса екен деймін. 90 жасқа, 100 жасқа келсек те, осылай бір-бірімізді жаңа және жақсы жағынан танып жүруді нәсіп етсе екен деймін", - дейді Нұржан Керменбаев.