Халықты 3 миллиард теңгеге алдаған қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

Халықты 3 миллиард теңгеге алдаған қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды
Фото: tengrinews.kz

Халықты 3 миллиард теңгеге алдаған қылмыстық топтың жетекшісін ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция және экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 32 жастағы қазақстандықты ұстады.

Ұсталған адам мен ол құрған ұйымдасқан топтың мүшелері алаяқтық әрекеттер жасады деп айыпталды, нәтижесінде 231 азаматқа 3 миллиард теңгеге жуық шығын келтірілді.

Бұған дейін бұл қылмыстық топтың 5 мүшесін полиция қызметкерлерімен құрықталған болатын. Қазір олар тергеуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина