Алматыда лай көшкіні кезінде кім қаза тапқаны белгілі болды

Алматыда лай көшкіні кезінде кім қаза тапқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ақпаратқа сәйкес, Алматыда жедел штаб құрылған. Қазір тұрғын үйді балшық массасынан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілген.

Алматы ТЖД мәліметінше, 2007 жылғы жігіттің денесі табылған.

Еске салайық, 8 ақпанда түнгі сағат 2-20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні жүргені хабарланды. Төтенше жағдай салдарынан үйлерге зақым келді. Көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.

Кейінірек Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні болған жерге барып, шұғыл түрде көшпелі кеңес өткізді.

Ал Төтенше жағдайлар департаменті өкілі тұрғын үйлердің бірінің астында төрт адам қалуы мүмкін екенін, оның екеуі бала, екеуі ересек адам екенін мәлімдеп, құтқару жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!