Алматыдағы төтенше жағдай: төрт адам іздестіріліп жатыр

Алматыда лай көшкіні жүрген аумақта төрт адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілінің сөзінше, екеуі - бала, екеуі - ересек адам. Адамдарды іздеу жұмыстарына байланысты көшкін жүрген аумақ техниканың көмегінсіз қаралып жатыр.

"Қазір апат-құтқару жұмыстары қолмен жүргізіліп жатыр. Өйткені үйлердің бірінде төрт адам болуы мүмкін деген ақпарат түсті. Осы хабардан кейін қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіліп жатыр. Жұмыс күрделенгенін айта кеткен жөн", - дейді ведомство өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін көшкін зақым келтірген үйлердің бірінің көршілері бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болғанын жеткізген еді.

Оқиға орнында әкімнің тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!