Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қазақ қыздарына кеңес берді

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова қазақ қыздарына кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Продюсер Мөлдір Мұқанова инстаграм парақшасында қазақ әйелдері жайлы жазба жариялады.

"Қазақ әйелі" дегенде бірден қайсарлық сөзі ойға оралатындай, иә?

Тарихтан небір хас сұлу, небір дана, парасатты, өр рухты әйелдер өтті ғой. Бірақ, өкінішке орай "қазақ әйелі оқымаған, отбасы, ошақ-қасының адамы" деген түсінікті сол кездің саясаты әбден сіңірді.

Қазақ азаматтарымен қатар, білімге, ғылымға, өнер мен мәдениетке ұмтылған қыздарымыз аз болмаған ғой негізі.

Сондай асыл сүйекті, төзімді, көреген аналардың тұяғы болғаннан кейін де қазақ әйелі қай салада болмасын өзін таныта алады, үй шаруасын да дөңгелетеді, бәр-бәріне шамасы жетеді. Өйткені бұл біздің ұлттық жадымызда, кодымызда бар дүние.

Сырғалы сіңілдерім, қыздар, білімге, мәдениетке ұмтылыңдар. Сонда қай жерде болмасын қадірлі боласың! Текті аналардың ізбасарлары сендер екендеріңді ұмытпаңдар, тектіліктеріңді жоғалта көрмеңдер", - деп жазды ол.