Әнші Айдана Меденова жаңа туған сәбиімен видео жариялады

"Кеш YOU" тобының экс-солисі Айдана Меденова жаңа туған сәбиімен видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші видеоны инстаграм парақшасында жариялады. Айдана Меденова видеоға "үш балапанның анасы" деп жазған.

Еске салайық, бұған дейін Айдана Меденова сүйінші жаңалығын бөліскен болатын.

"Шыр етіп, жарық дүниеге Ханифам келді. Шаңырағымды шаттыққа толтырып, кестетігерім өмір есігін ашты. Аллаға мың да бір шүкір. Алланың сүйікті құлының бірі бол, Ханифам менің", - деп жазды әнші.