Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайдың отбасылық даудан кейін тапсырған ДНҚ сараптамасының нәтижесі белгілі болды

Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайдың отбасылық даудан кейін тапсырған ДНҚ сараптамасының нәтижесі белгілі болды

Осыған дейін зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай мен бұрынғы әйелі Жәмиланың арасында дау туындаған болатын. Бастапқыда әнші тойын жалған деді, ал одан кейін оның заңгерлері ДНҚ сараптама жасауды ұсынған. Отбасылық даудан кейін өнер иесі "Көреміз" бағдарламасында ДНҚ сараптамасын тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің бұрынғы әйелі Жамиланың айтуынша, ол сот отырысына келмеген.

"Бірінші бағдарламадан кейін сотқа арыз түсірдік. Екі рет сот отырысы өтті. Бірақ Кенжебек келмеді. Ал үшінші ретте Кенжебектің заңгері шықты. Бала менікі емес деп айтты. Көп жалған ақпарат айтты. Бала 7 айда туылды. Менің балам болса, кешірек туылуы керек еді. Күні сәйкес емес деді", - дейді Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы әйелі Жәмила.

Ал Кенжебек Нұрдолдай ДНҚ сараптамасын заңгерлердің айтуымен тапсырғанын айтты.

"Шынымды айтар болсам, бұл әңгімелерді заңгер өзі жазады. Неге десеңіздер, мен бұл әңгімеге басымды сұғып араласпаймын. Ол кісі менен "қанша ай тұрдыңдар?" деп сұрады. Заңгердің өзінің сараптамасы. Бағдарламаға келгенде ДНҚ сараптамасын да қатты алдырғым келмеді. Бірақ заңгерлер "Алдыр. Мүмкін сіздікі емес шығар" дегеннен кейін, ДНҚ сараптамасын жасатуға бел будым. Сабыр менің балам деп ойлаймын", - деді Кенжебек Нұрдолдай.

Бағдарлама барысында кішкентай нәресте Сабыр мен әнші Кенжебек Нұрдолдай ДНҚ тапсырды. Қан сараптама нәтижесі 99,97 пайызды құрап, Кенжебек Нұрдолдай баланың әкесі екені анықталды. 

Еске салайық, бұған дейін әнші Кенжебек Нұрдолдай неліктен өзінің тойын жалған деп айтқанын түсіндірген болатын.

А. Жапатова