Қазақстанның бірнеше өңірде күн бұзылады: "ҚазАвтоЖол" тұрғындарға алыс жолға шықпауды ескертті

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 7 ақпаннан бастап 9 ақпанға дейін еліміздің бірқатар облысында ауа райы бұзылатынын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Абай, Солтүтсік Қазақстан, Түркістан, Қарағанды мен Ұлытау облыстарында желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді, қар аралас жаңбыр жауып, салдарынан көктайғақ болады. Таулы аймақтарда қалың тұман басып, жол дұрыс көрінбейді.

"Жол қызметкерлері көктайғаққа қарсы материалдарды дайындап, күшейтілген тәртіптегі жұмысқа кірісті. Дегенмен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізу мүмкіндігі туралы ескертеміз. Алыс сапарлардан бас тартып, аса қажеттілік болмаса елді мекен аумағынан шықпауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!