Тазалықшыдан іскерлік ледиге айналған мылқау қыздың видеосы жұртты тәнті етті

Желіде мылқау қыздың адам танымастай өзгерген видеосы тарады. Видео авторы - сұлулық салондарының иесі Бота Әбдіраманова, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жансая туғанынан сөйлемейді және естімейді. Ол жақында біздің салонға тазалаушы болып жұмысқа тұрды. Ол 30 жаста және ол отбасындағы жалғыз мылқау. Мен оны алғаш көргенде қандай әдемі және жас қыз екенін, тек оған күтімнің жетіспейтінін байқадым. Оған іскерлік ледидің бейнесін жасауды ұсындық", - дейді Бота Әбдіраманова видеода.

"Табиғатынан сұлу қыз, сіз оны одан әрі әдемі еттіңіз", "Қандай сұлу", "Нәтижесі керемет", - деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!