Бибігүл Төлегенова Нұрсұлтан Назарбаев қандай сыйлық бергенін айтты

Бибігүл Төлегенова Нұрсұлтан Назарбаев қандай сыйлық бергенін айтты
Фото: elbasy.kz

Опера сахнасының аңызға айналған тұлғасы, ҚР Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенова "Таңшолпан" бағдарламасында өзіне берілген бағалы сыйлықтардың бірі жайлы айтты. Атақты әншінің айтуынша, оны бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев сыйға тартқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2019 жылы, менің 90 жылдығымда Нұрсұлтан Әбішұлының қабылдауына бардым. Бұл кезде ол Президент емес, бірақ әлі Ақүйде отырды. Әңгімелестік. Сол кезде меннен "Бибігүл Ахметқызы, сіздің бұйымтайыңыз бар ма" деді. Мен "ешқандай бұйымтайым жоқ, сізбен көп жылдар бірге жұмыс істедік, қазір президент емессіз, әңгімелесейін деп, сәлем берейін деп келдім" дедім. Сол кезде ол кісі риза болды. "Маған келген адам ең бірінші өтінішпен келеді" деді. Мен маған ештеңе керек емес екенін, үйім, киімім бар, тамағым тоқ екенін айттым. Содан маған осы сағатты және өзінің кітабын сыйға берді", - деді Бибігүл Төлегенова.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жапатова