Қос азаматтықпен жүрген адам елден шығарылды

Абай облысында қос азаматтықпен жүрген ер адам елден шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан заңнамасы бойынша басқа азаматтық алғаннан кейін адам күнтізбелік 30 күн ішінде қазақстандық үлгідегі паспорт пен жеке куәлікті тапсыруға және азаматтығынан айырылғанын тіркеуге міндетті. Алайда Қазақстанның кейбір тұрғындары басқа мемлекеттің азаматтары бола тұра Қазақстанға кіру және тұру үшін қазақстандық құжаттарды пайдаланады.

Ведомство мәліметінше, олар Қазақстанның әлеуметтік, зейнетақы және басқа да жеңілдіктерін пайдалану үшін азаматтық ауысқанын хабарлауға асықпайды.

"Қарашада көші-қон қызметінің қызметкерлері Семей қаласының 33 жастағы тұрғынын анықтады, ол 2023 жылғы шілдеде Ресей Федерациясының азаматтығын алған. Алайда ол туралы мәлімдемеген және сәйкесінше Қазақстан Республикасының азаматтығынан бас тарту рәсімін уақытылы тіркемеген", - деді Абай облысы ПД КҚҚБ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Бауыржан Имангажанов.

Сот шешімі бойынша құқықбұзушы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Құқық бұзушыдан Қазақстан Республикасы азаматының паспорты тәркіленді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!