Павлодар облысындағы апат: іздестіру жұмысына халықаралық құтқарушылар тартыла ма?

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Павлодар облысында шұңқырға құлаған адамдарды іздеу үшін шетелден құтқарушыларды тартудың керегі жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Оның пікірінше, ТЖМ барлық тиісті жұмысты жүргізіп жатыр.

"Майқайыңға халықаралық құтқарушыларды шақырудың керегі жоқ. Өйткені, мұндай тәжірибе де болмаған. Төтенше жағдайлар министрлігі шұңқырға құлап кеткен өз әріптестерін құтқару үшін бар күшін салды. Жұмысшылары қаза тапқан ұйым да қолдан келгеннің бәрін жасады", - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары Үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң.

Еске салайық, 4 қаңтарда "Майқайыңалтын" АҚ аумағында 4 адам отырған автобус опырылған шұңқырға құлады, Салдарынан 2 құтқарушы қаза тапты. қалған 2 адам әлі табылмай жатыр.

Майқайыңдағы қайғылы жағдай: құтқарушының әйелі іздестіру жұмыстарын жалғастыруды сұрайды

Бір айдан соң оқиға орнында құтқарушылардың өміріне қауіп төнуіне байланысты іздестіру-құтқару жұмысы тоқтатылды. Алайда бүгін құтқару жұмысы қайта жанданды.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз