Қазақстаннан шетелге 3 есе көп ақша аударылған

Қазақстаннан шетелге 3 есе көп ақша аударылған
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2023 жылы ҚР-дан халықаралық ақша аударымдары жүйесі (ААЖ) арқылы 961,4 млрд теңге жіберілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7,3 пайыз аз. Бұған дейін екі жыл қатарынан шетелге жөнелтілген ақша аударымдарының көлемі 1 трлн теңгеден асты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап. 

2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда ҚР-ға ААЖ арқылы шетелден алынған ақша аударымдарының көлемі бірден 2,2 есе қысқарып, 305,8 млрд теңге болды. 2022 жыл Ресейден рекордтық аударымдарға байланысты ерекше болғанын ескерген жөн. 2021 жылмен салыстырғанда 2023 жылы түскен аударым көлемі 7,9 пайыз өсті.

Шетелге жөнелтілген қаржы көлемі шетелден түскен қаржы көлемінен 3,1 есе артық болды.

ҚР-дан ААЖ арқылы ақша аударымдары жіберілген елдердің ішінде Өзбекстан 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында көшбасшы болды: 264 млрд теңге, дегенмен бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9 пайыз аз.

Одан кейін Ресей, оған 241,4 млрд теңге жіберілді, бұл бір бұрынғымен салыстырғанда 23,2 пайыз көп. Сондай-ақ айтарлықтай көлем Түркияға (222 млрд теңге — 2022 жылдың қаңтар–желтоқсанына қарағанда 18,3 пайыз аз) және Грузияға (91,8 млрд теңге, бір жылдағы өсім — 29,4 пайыз) тиесілі.

ААЖ арқылы шетелден түскен ақша аударымдарының көлемі бойынша Ресей көш бастады, одан Қазақстанға 108,1 млрд теңге жіберілді, бұл 2022 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 3,3 есе аз.

Одан кейін үлкен айырмашылықпен АҚШ (33,6 млрд теңге), Өзбекстан (33,6 млрд теңге) және Оңтүстік Корея (32,7 млрд теңге) тұр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина