Жамбыл Жабаевтың суреті Америкадан табылды

Жамбыл Жабаевтың суреті Америкадан табылды
Фото: egemen.kz

Жамбыл Жабаевың суреті Америкадан табылды. Бұл туралы ақпарат "Егемен" сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл - 1951 жылы Нью-Йорк қаласында баспадан шық­қан "Кеңестер Орта Азияда" кіта­бы. Ұлыбританиялық зерттеу­ші Зелда Коутес пен Уиллиям Коу­тес бірлесіп жазған бұл кітап сол кездегі кеңес одағында­ғы республикалардың жағда­йын баян етеді. Тұтас бір тарауын Қазақ­станға арнаған зерттеуші­лер қа­зақ еліне келген алғашқы сә­­тін былай толғайды: "Ташкент­тен Алматыға келгенімізде бізді жылы ауа, басын ақ қар шалған асқар тау, айбынды қала қарсы алды. Ұшақтан төмен қарап, жоталарға көз салдық, бірінен-бірі биіктеп бара жатқандай се­зілді. Оларға жақындаған са­йын пішінін өзгертіп, бізді бау­рай түсті", дей келе, Алматы қаласының арғы-бергі тарихы мен қазақ жеріне алғаш пойыз келген сәтті суреттейді. Сонымен қатар, айналасын әсем гүлдер көм­­керген Алматыда 140-тан астам ағаштың түрі бар екенін де қа­ғыс қалдырмайды. 1946 жылы қала­дағы жоғары оқу орындарын­да оқи­тын студенттердің саны 10 мың­­ға таяу екенін де жазады.

"Қазақстан Үкімет үйінде қала басшысы және өзге үкімет мүшелерімен әңгімелестік, қала­ның архитекторлары да бірге отыр­ды. Қазақ үкіметінің біз кездес­кен өкілдері негізінен орта жастағы кісілер екен. Олардың арасында бір ғана әйел кісі бар, оның ұлты - қазақ, он бір жастағы қызы бар, өзі әскери институтта лектор әрі Ғылым академия­сында жұмыс істейді, КСРО Жоғары кеңесінің депутаты. Біз одан осыншама көп жұмысқа қалай төтеп беретінін сұра­ғанымызда, ол әр істі жүйелі атқарып, күн сайын өз сайлаушыларынан келген хаттармен тұрақты жұмыс істейтінін жасырмады".

Қазақстанның өндірісі, экономикасы, мал шаруашылығы, мектеп, аурухана, ғылым мен техника туралы деректер, санақ­­тар арқылы сол кездегі ел жағдайы­нан хабардар етеді. "1914 жылы халық­тың сауаттылық жағда­йы екі пайыз­ға да жетпейтін, елде 2000 мек­теп қана бар еді, оқу жа­сындағы 150 000 оқушының 450-і ғана орта мектепте оқиды" деген дерек келтіреді. Бұл – хал­қы­мыздың кешегі оқу-ағарту жағ­дайынан мәлімет беретін ақпа­рат­тың бірі.

Ал жырау Жамбыл туралы ке­ңінен жазып, оның өмірі, өне­рін оқырманға тәптіштеп тү­сін­діргісі келгендей. "Қазақ хал­қы­ның Абайдан кейінгі ұлы ақы­ны, ол да патша шенеуніктері мен жер­­гілікті бай-манаптардың қысы­­мына ұшыраса да, бақыт­ты өмір өткізді деуге болады. Жам­­был ақын дүниеге келген жыл­­­­дары қа­зақ халқының жазба әде­­биеті әлі қалыптаспаған еді. Оңтүстік Сібір мен Орта Азия­ны кең жайлаған қазақ халқы қысы-жазы ұланғайыр далада әрі-бері көшіп жүр­ді. Ол кезде қалалық өр­­кениет пен егіншілік оларға мүл­­де жат болатын. Керісінше, олар алда­рына үйір-үйір жылқы са­лып, қорасын қоймен толтырды. Әне, сондай сайын сахара тө­­сінде олардың ауыз әдебиеті да­­­мып, ұзақ жыр-дастандар ауыз­дан-ауызға тарады. Біз сөз етіп отыр­­ған – Жамбылдың суырып сал­ма ақындық қасиеті, оны алдымен өз руының, сосын күллі қазақтың мақтанышына айналдырды, кейін Қазақстан кеңестік респуб­лика болған соң, ол КСРО ақыны ретінде кеңінен таныл­­ды". 

Осы тұста авторлар Жамбыл жыраудың бұрын біз көрмеген бір суретін кітабына кірістіреді де, суреттің астына "Қазақстан­ның халық ақыны Жамбыл" деген түсініктеме береді. Жыраудың киіз үйінің алдында төрт жігіт­пен бірге домбыра шертіп отыр­ған көрінісі даланың соңғы жы­рауының кескін-келбетін көз ал­дымызға әкелді. Журналистер бұл сурет бойынша Жамбыл атын­да­ғы музейдің қазіргі директоры, Жам­был Жабаевтың неме­ресі Сал­танат Тезекбайқызы Жам­бы­ло­­ваға хабарласып, мән-жайын сұра­ған.

"Бұл сурет негізінен ІІ дүниежүзілік соғыстан бұрын түсі­рілген болуы керек, ол кісінің сурет­тері өте көп, бірақ мынау өз­геше сурет екен. Өйткені бұл жер­де отырған кісілер де –  бізге таныс адамдар. Сол жақта малдас құрып отырған кісі – Ғали Ор­манов, Жам­был атамыздың әде­би хатшы­сы болған. Ал ақ жей­делі, жерде жан­тайып жатқан – атамыздың аудар­машысы, хат­шысы Павел Нико­лаевич Куз­нецов, ар жағын­да отырған кісі Қадыр Хасенов. Атамыздың біраз өлеңін ұйғыр, қытай тілі­не аударған. Оң жақ­та жантайып жатқан кісі – менің әкем Тезек­бай Жамбылұлы. Ал киіз үй­дің босағасында отыр­ған – атамыз­дың ұлы Қожаштың қызы Діл­дәхан тәтеміз. Ол кісі сек­сен жастан асып қайтыс болды. Біз бұл суретті көріп, қуанып қал­дық. Атамыздың 1936–1945 жыл­дар аралығындағы суреттері біз­ге жеткен, ал оның алдын­да­ғы кезден 1913 жылғы бір сурет қана бар, осы жылы Романовтар әуле­тінің патшалық құрғанына 300 жыл толуына байланысты Жетісу өңі­рінен 15 ақынды ақ патшаны мақ­тап, өлең айтасыңдар деп ша­қырған екен, сондағы суреті сақ­талған. Мен 1981 жылдан бастап атамыздың атындағы музейде жұ­мыс істеп келемін, ғылыми қыз­меткер, қор сақтаушы болып қыз­мет атқардым. 2018 жылдың аяғынан бері Жамбыл атындағы му­зейдің директоры болып жұмыс істеймін, бұл суреттің бізде қалай сақталмай қалғанын білмеймін", - деді ол. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек