"Ағамдай болып кетті". Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай Jah Khalib-пен ән шығаратынын айтты

Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай Jah Khalib-тің лейбліне қосылды. Бұл жайлы әнші "Taboo" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай жақында Jah Khalib-тің лейбліне қосылған.

"Біз Jah Khalib-пен бір жылдың көлемінде таныспыз. Ағамдай болып кетті десем де болады. Ол кісі мені өнер саласында қатты қолдады. Содан кейін осы лейблға, яғни студияға келіп жүрдім. "Не деген күшті студия" деп барып, көріп, қызығып жүрдім. Шығармашылық атмосфераны сезінгеннен кейін олардың қасында болғым келді. Ол жерден үйренерім көп. Өзінің ақылын беретін ағаларым мен үлкен команда бар. Ниетім болды. Бірақ кейін өздері шақырды", - дейді әнші.

Кенжебек Jah Khalib-пен ән шығару жоспарында бар екенін айтты.

"Фит жасайтын әншілер көп. Жоспарда бар. Құпия болып қалсын. Бұйырса Jah Khalib-пен жазамыз. Бұл нақты. Ал қалғандарын айтпай-ақ қояйын", - деді әнші Кенжебек Нұрдолдай.