Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы әйелін ұрғаны рас па?

Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы әйелін ұрғаны рас па?
Фото: Жәмила ұсынған сурет

Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы әйелін ұрғаны рас па? Әнші бұл сұраққа "Көреміз" бағдарламасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы әйелі бұған дейін "Көреміз" бағдарламасында әнші оған қол көтергенін айтқан болатын. Жүргізуші әншіден бұрынғы әйелінің сөзі рас па екенін сұрады.

Әнші әйел адамға ешқашан қол көтермегенін айтты.

"Бұл қисынға келмейтін нәрсе. Шыны керек, мен әйел баласына қол көтеріп көрген емеспін. Біреулер әртүрлі бұрмалайды, Алла көріп тұр, шындығы - мен әйел адамға ешқашан қол көтермегенмін.

Қазір түрлі жағдайлар болып жатыр. Сол нәрсеге барыншы кіргісі келе ма? Білмеймін, мен оған араласқым да, оны ақтарғым да келмейді. Не үшін олай айтқанын білмеймін", - дейді Кенжебек Нұрдолдай.

Әнші бала кезінде абьюздік қатынас көргенін мойындады.

Өзім бала кезде абьюзден өткенмін. Содан кейін оны отбасымда жасамаймын деп бекем шешім қабылдағанмын. Енді ата-ананың жақсы-жаманы болмайды. Бірақ әкемнен абьюздік қатынас көрдім", - дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін әнші Кенжебек Нұрдолдайдың бірінші әйелі Жамила "мені баламен үйден қуып шықты" деп айыптаған болатын. Толығырақ сұхбаттан оқи аласыз.

А. Жапатова