Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов коронавирус жұқтырып алды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов COVID-19 вирусын жұқтырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов коронавирус жұқтырып алды. Ол емделіп жатыр", - деді Мәжілістің баспасөз қызметі Massaget.kz тілшісіне.

Алайда төрағаның жұқпалы вирусты қалай жұқтырғаны, қайда емделіп жатыр белгісіз. Баспасөз қызметі бұл сұраққа жауап бермеді.

Айта кетейік, бүгін президенттің қатысуымен өткен Мәжілістің отырысына спикер Ерлан Қошанов қатыспады. Отырысқа Мәжіліс төрағасының орынбасарлары Дания Еспаева мен Альберт Рау мен депутаттар қатысты.

Отырыста депутаттар Премьер-министрдің лазауымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын қолдады.

Аяз Есен

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!